Павлодар облысының Железинка ауданында аға тергеуші аудандық прокуратураның дәлізінде өзін-өзі атқан. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 23 мамыр күні кешкі 18.00 шамасында болған. Тергеуші табельдік қарудан өзінің оң жақ иығын жарақаттаған. Қазір ол ауруханада жатыр.
Рашид Өтеуов, Павлодар облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары:
Аға тергеушіге операция жасалды. Қазір жағдайы жақсы, денсаулығына қауіп жоқ. Осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды.
Болат Аманбаев