Оның төртеуі - бала. Оқыс оқиға Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында болған. Мамандардың айтуынша, жатын бөлмедегі жиһаз және тұрмыстық бұйымдар жанған.
Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыпты. Қою түтін сол үйдегі өзге адамдарға да қауіп төндіргендіктен, эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Өрт сөндірушілер тұрғындарды автобаспалдақ арқылы сыртқа шығарды. Дегенмен екі әйел адам газға уланып, жедел ауруханаға жеткізілген. Қазір өрттің шығу себептері тексеріліп жатыр.
Марғұлан Аманбаев, қалалық ТЖД басшысының міндетін атқарушы:
- Балалардың отпен абайсызда ойнауынан өрт шыққан. Сондай қорытындыға келіп отырмыз.
Нысаналы ЫҒЫЛ