Өз бастамасымен зейнетақы қорына кемінде бес жыл ақша салып отырған азаматтарға зейнетақыны мерзімінен бұрын алуға болады. Осы айдан бастап қордағы ақшаны алушылардың тізімі толықты. Мәселен, 20-30 жастан бастап жинаған қаржының есебінен 25-35 жасқа қарай салымшыға алғашқы төлем алуға мүмкіндік бар. Сонымен бірге елу жасқа толған немесе мүмкіндігі шектеулі жандар, шетелге тұрақты қоныс аударған адамдар да жинаған зейнетақыны ала алады.
Ақерке Бектас