Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 32 адам көз жұмды. 1739 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Жалпы ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 378 мыңнан асты.
COVID-19 статистикасы:
- 1739 адам жұқтырды;
- 2810 адам жазылып шықты;
- 28 адам қайтыс болды.
Өткен тәулікте 121 адам COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққан.
COVID-19 белгілері бар пневмония статистикасы:
- 121 адам пневмонияға шалдыққан;
- 40 адам емделіп шықты;
- 4 адам қайтыс болды.
Қазіргі уақытта 31 232 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Індет жұқтырғандар арасында:
• 668 адамның жағдайы ауыр,
• 171 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бүгінде ел бойынша КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 2 035 781-ге жетті.