Ақтөбеде 700-ге жуық аулада ойын алаңы жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде 700-ге жуық аулада ойын алаңы жоқ

26.05.2021

Ақтөбеде 700-ге жуық аулада ойын алаңы жоқ. Қазір қала әкімдігіне бұл мәселеге қатысты 400-дей арыз түскен. Бұған дейін тұрғындар тиісті мекемелерге қанша шағымданса да, нәтиже болмапты. Ал, мынадай ескі темірлердің арасында ойнау қауіпті. Анығы, қалада ойын алаңын көбейтуге бірнеше жыл бойы бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Тек биылдан бастап бұл іске демеушілерді де тарту көзделіп отыр.

Амандық Аманшиева, қала тұрғыны:
Ойнайтын жер жоқ балаларға. Құлайды, сүрінеді, сосын жылайды. Әже, ойнайтын жер жоқ дейді.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу