Лукашенко ұшақ бағытының өзгертілуіне байланысты мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лукашенко ұшақ бағытының өзгертілуіне байланысты мәлімдеме жасады

26.05.2021

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ryanair компаниясы ұшағының шұғыл қондырылуына байланысты алғаш рет мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, лайнерге мина қойылды деген хабар Швейцариядан түскен. Содан кейін экипаж әуе компаниясымен және Вильнюс әуежайымен ақылдасқан. Бірақ, ұшқыштар Минскге жедел қонуды өздері ұйғарыпты. Лукашенко Афиныдан Литва астанасына аттанған рейсті Беларусь үкіметі МиГ-29 ұшағымен қонуға мәжбүр етті деген хабар «абсолютті өтірік» деді. Оның айтуынша, бұл бортта бір террорист болған.

Еске салайық, Ryanair ұшағы Минскге мамырдың 23-де қонған. Іле шала оппозициялық NEXTA Telegram-каналының негізін қалаушы Роман Протасевич тұтқындалды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу