Көрші елдермен шекарада мәселе көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көрші елдермен шекарада мәселе көп

26.05.2021

Көрші елдермен шекарадағы шектеулер қазақстандықтарға қиындық туғызып тұр. Кеденнен құрлық арқылы өту мүмкін емес десе болады. Тек туыстарына немесе емделуге бара алады. Ал ұшақпен бару бағасы тым қымбаттап кеткен. Мәжіліс депутаты Альберт Рау үкіметке осылай деп сауал жолдады. Ал еуразиялық экономикалық одақ арасында кедергісіз жүру үшін «КОВИД-19-сыз саяхат» деген қосымша іске қосылған. Дегенмен біздің елде ол тек екі айдан соң жұмысына кіріседі.

Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
Бұл мәселелерді ковидсіз саяхат қосымшасы шешуі тиіс болатын. Қосымшаны бізден басқа одаққа басқа елдер түгел қосты. Ал біз шілденің аяғында, жазғы демалыстың соңына қарай деп жоспарлап отырмыз. Біздің ІТ саласындағы жетістігіміз осы ма? Үкімет тез арада аталған мәселені шешуі тиіс.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу