Кәсіпкерлердің жұмыс уақытын шектеуге болмайды - депутаттар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлердің жұмыс уақытын шектеуге болмайды - депутаттар

26.05.2021

Қызметкерлері 100 пайыз вакцина алған сауда және тамақтану орындарының жұмыс уақытын шектеуге болмайды. Мәжілісте осындай ұсыныс айтқан депутаттар шағын және орта бизнеске қолдау сұрады. Сонымен бірге кәсіпкерлікті шектеу талабын өңірлер бойынша біріздендіруді талап етті. Мәселен, Қарағанды облысында санитарлық дәрігер кешкі 8-ден кейін нысан жұмысына тыйым салады. Ал кейбір аймақта керісінше екенін айтады. Бұл карантинде шығынға батқан бизнеске қосымша жүк,- дейді. «Атамекен» палатасының мәліметінше, пандемия кезінде 430 мың кәсіпкерлік нысан жұмысын тоқтатып, кейбірі жабылып қалған.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу