Елбасы АҚШ-тың бұрынғы вице-президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы АҚШ-тың бұрынғы вице-президентімен телефон арқылы сөйлесті

27.05.2021

Елбасы АҚШ тың экс Вице-Президенті Альберт Гормен телефон арқылы сөйлесті. Бұған Америка тарапы бастамашы болды. 

Әңгіме барысында екі елдің қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-қимылды кеңейту және жаһандық климаттың өзгеруіне қарсы күресте күш біріктіру мүмкіндіктері талқыланды. Пандемияны еңсеру, дүние жүзінде және Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша да пікір алмасты. Тараптар сенім дағдарысы, санкциялық текетірестер мен әлемдік державалар арасындағы бәсекелестіктің жаңа деңгейіне байланысты алаңдаушылық білдірді. Елбасы жаһандағы өзекті проблемаларға қатысты Ресей, АҚШ, Қытай мен Еуроодақ арасында ауқымды стратегиялық диалог бастау туралы айтты. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу