Бүгін Елордада «Nur Otan» партиясы мен «Есіл» ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Партия күні» деп аталатын экологиялық шара өтті. Мәжіліс депутаттары мен мемлекеттік орган өкілдері қатысқан жиында экологияны жақсарту мен Ботаникалық бақты дамыту жоспары талқыланды. Айта кетейік, сәуірде жүргізілген мониторинг барысында бір ғана Есіл ауданында 13 заңсыз қоқыс орны тіркелді. 58 мың тонна құрылыс қалдықтары табылған. Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, қала тазалығы үшін талап күшейтілуі керек. Экополигонға шығарылатын қоқыстың бақылануы маңызды. Сондай-ақ, ботаникалық бақтың аумағын кеңейту жоспары қарастырылды.
Ақерке Балтанова