Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі аумағында жоғалып кеткен туристерді іздеу әлі жалғасып жатыр.Кей болжамдар бойынша, олар Кіші көл мен Сопақ көлге бағыт алуы мүмкін. Бұған дейін оларды табу үшін құтқарушылар таулы аймақты жаяу және атты патрульмен шарлаған болса, бүгін іздеуге тікұшақ та шықты.
Ғани Қалмаханов, тілші:
Туристік топ Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі аумағына тап осы қақпа арқылы енген. Жолға таңертең ерте жиналған олар мұнда үш күн демалуды жоспарлапты. Алайда әзірге оларды кездестіріп, жолыққан жан болмай тұр.
4 шақырым радиусты әуеден бақылаған екі квадоркоптер де жоғалғандардың дерегін анықтай алмады. Үш күн толассыз жауған жауын мен найзағайдан соң тікұшақ тек бүгін ғана әуеге көтерілді. Оның ішінде құтқарушылар мен бірге төтенше жағдайлар департаменті басшысының өзі де бар. Тікұшақ жерге әлі қонған жоқ. Жоғалған балалардың ата-анасы мен туыстары ұлттық парктің кіреберісінде солардан тағатсыздана хабар күтіп жүр. Көңілдері алаң болғандықтан олар бізбен сұхбаттасуға қарсы болды. Олардың қастарында полиция, ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлер бар.
Ұлттық парк аумағында түс қайтадан беру күн ашық. 26-27 градус шамасында ыстық болды. Жалпы ұлттық паркте туристер айырықша қызығатын бірнеше орын бар. Ол 2 мың метр биіктіктегі Сусіңген, Кіші көл мен Сопақ көл. Саяхатқа шыққан туристердің сонда бағыт алуы мүмкін деген болжам бар. Жоғалған туристердің алтауы Кентаудағы білім инновация лицейінің 2017 жылғы түлектері. Және қастарында олардың бірінің 10-сыныпта оқитын інісі болған.
Ғани Қалмаханов