Ақтауда көпқабатты үйдің қасбеті үшінші рет опырылып түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда көпқабатты үйдің қасбеті үшінші рет опырылып түсті

27.05.2021

Ақтауда қасбеті құлаған тұрғын үй әлі апатты жағдайда тұр. Кеше кешкісін қабырғасының бір бөлігі 3-ші мәрте тағы опырылып түсті.

Салдарынан бірнеше пәтердің терезесі сынып, 10 шақты ауабаптағыш жерге құлаған. Үйдің қасбеті бірінші рет 5 күн бұрын сыр берді. Сол күні үйге газ беру тоқтатылды. Бірақ, әлі күнге дейін жөндеу жұмыстары басталған жоқ. Әкімдік өкілдері тұрғын үйді жөндеу үшін төтенше жағдайға арналған қордан қаражат бөлінетінін айтқан болатын.

Досбол Жұмағазиев,   Ақтау қаласының тұрғыны:
Тезірек жөндеп бергенін қалаймыз. Төменде балдарымыз ойнайды. Апатты жағдайда тұр. Жөндейміз деп жатыр, бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Газ жоқ.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу