Армениялық тауар өндірушілер үшін Қазақстан сауда қақпасына айналуы мүмкін. Еліміз армениялық бизнесмендерді «Қорғас» орталығы арқылы жұмыс істеуге шақырып отыр. Бұл оларға өнімін Қытайға ғана емес, өзге де Азия елдеріне экспорттауға жол ашады. Мұндай ұсыныс екі елдің экономикалық байланысын арттыруға арналған үкіметаралық жиында айтылды. Әрі қос тарап жылу жүйесін жаңғыртып, теміржол және автомобиль жолдарын салу бойынша серіктестік орнатпақ ниетті. Алыс берісті жандандыру үшін тауар өткізу желісін құру жайы да сөз болды. Бұл сауданы дамытып қана қоймай, көлік логистика саласына жаңа серпін береді дейді мамандар.
Ақерке Бектас