Түркістан тауларында жоғалған студентпен әкесі соңғы рет 8 күн бұрын сөйлескен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан тауларында жоғалған студентпен әкесі соңғы рет 8 күн бұрын сөйлескен

28.05.2021

Тауда жоғалғандардың бірі - оралдық Диас Төлегенов. Назарбаев Университетінің үшінші курс студенті. Оралдағы Білім және инновация лицейін «Алтын белгімен» бітірген. Жасы 21-де. Ақсай қаласында жұмыс істейтін әкесі ұлымен соңғы рет 8 күн бұрын сөйлескен.

Төлеген Бижанов, Орал қаласының тұрғыны:
Балалармен бәріміз табиғатқа шығамыз деді, бір жаққа барып қыдырамыз деп. 20-сы ма кеште звондады, таңертең ерте шығып кетеміз деді. Байланыс болмауы мүмкін деп. Содан кейін хабарласқан жоқ.

Хабарламаларға жазылу