Маңғыстауда ауыз су тапшылығын жоюдың жол картасын әзірледі. Оның аясында өндіріс көлемін арттырып, қосымша су тұщыту зауытын салу жоспарда. Тіршілік нәріне сұраныс әсіресе жаз мезгілінде арта түседі. Сондықтан Ақтауда қазір бірқатар кәсіпкерлік нысандарға су беру уақытша тоқтатылып, кейбір шағын аудандарға кестемен беріліп жатыр. Себебі, «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-нің су дайындау қондырғысында маусымның 15-іне дейін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Серік Гусман, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:
Облыс әкімдігі мен қала әкімдігі бірлесіп, инвестициялық жоба қарап, Каспий су тұщыту заводын модернизациялау бойынша қаржы қарастырып, қазір сол жұмыстар жүріп жатыр. Жылдың аяғына дейін сол завод модернизациядан өтіп, халыққа қосымша 20 мың куб су дайындау жоспарда бар.
Аягөз Оралбайқызы