Баянауылда туристік маусым келер айдың 15-інен басталады. Қазір курортты аймақты күл қоқыстан тазартып жатыр.
Демалыс орындары мен ауыл-аймақтарды абаттандыруға оқу орындары мен мекемелердің , кәсіпорындардың қызметкерлері жұмылдырылды. Соның нәтижесінде 2 мың 600 тонна қалдық шығарылды. Заңсыз күл-қоқыс төгетін орындарды болдырмау үшін барлығы 534 контейнер қойылмақ.
Фархат Сыздықов, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары:
Тазарту жұмыстары әлі де жалғасады. Сонымен қатар туристік соқпақтар бар. Солар тазартылуда. Жалпы, қоқыс мәселесі басты назарда
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Баянауылда курортты аймақ күл-қоқыстан тазартылып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/141366/)