Карантиндік шектеуді бұзғандарға әкімшілік айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантиндік шектеуді бұзғандарға әкімшілік айыппұл салынады

31.05.2021

Елордадағы әуежайда «Ashyq» жобасы енгізілгелі 160 жолаушыдан «қызыл», тағы 99 адамнан «сары» түсті белгі анықталды. Олар ұшаққа жіберілмейді. Билет бағасын өтеп немесе қайта брондау үшін тасымалдаушы әуе компаниясына хабарласу керек. Ескеретін бір жайт, «қызыл» түс анықталса, ПТР тесті қайта тапсырып, оның нәтижесі теріс шыққанымен арада 14 күн өтпесе «Ashyq» мобильді қосымшасында сол қалпы сақталады. Оқшауланбаған жолаушы карантиндік шектеуді бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, 88 мың теңге айыппұл төлейді. Бұл «сары» түс анықталғандарға да қатысты. Жалпы, «Ashyq» мобильді қосымшасын орнатуға ешкім міндеттелмейді. Қаласа жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы да өте алады. 

 Әнуар Шалекенов, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы:
Жолаушыда «қызыл» түсті мәртебе анықталса, онда СЭС өкілдері, жедел жәрдем, біздің медицина қызметкерлері шақырылып, оқшауланады. Олар ауруханаларға жатқызылады немесе қолына құжат беріледі. 14 күн үйінде жатып емделеді.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу