Ал Ішкі істер министрлігі ел аумағында 5 мыңға жуық адамның құжатсыз жүргенін анықтады. Азаматтығы жоқ олар қазақстанға әртүрлі себеппен келіп, қалып қойған. Тіпті арасында кеңес одағы кезіндегі құжатпен жүргендер бар. Олар әсіресе Алматы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарында көп. Тоғыз айға созылған тексеріс кезінде миграциялық полиция олардың бәрін анықтап, үш жарым мыңына жеке куәлік берілді. Қалғанына азаматтық беру мәселесі қаралып жатыр.
Досжан Маратұлы