Ақтөбеде шет елдік банк филиалының менеджері өзі қызмет ететін мекемеден 800 миллион теңге жымқырған. VIP клиенттердің шотынан ақшаның жоғалғаны бірден анықталмаған. Себебі күдікті арнайы бағдарламаның осал тұсын пайдаланып, аз көлемді соманы араға уақыт салып шешіп алып отырған. Менеджерлердің бірі кейін қашып кеткен. Сол себепті де бірден күдікке ілінген. Мәселенің мән-жайы тергеу-тексеру амалдарынан соң белгілі болмақ. Зардап шеккендерге қаржы қайтарылады.
Ерболат Сарқұлов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Ай сайын200 мыңнан 500 мыңға дейін шешіп отырған. Салымшы өз шотында ақшаны тексеруге барғанда ақшасы жетпейтіні анықталған. Сосын Ішікі істер органдарына келіп арызданды. Қазір осы дерек бойынша облыстық полиция депаратментінен тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті анықталды.
Жақсыбек Кемал