Иа, осы Шарын шатқалындағы табиғи апаттан зардап шеккен бір науқас амбулаториялық ем қабылдау үшін үйіне жіберілді. Ал 11 жасар оқушы Алматы аймақтық клиникалық балалар ауруханасына ауыстырылды. Дәрігерлер екеуініңде жағдайын жақсы деп бағалады. Олар бұған дейін Ұйғыр аудандық ауруханасында ем қабылдаған болатын.
Шарын шатқалында толассыз жауған нөсер жаңбыр салдарынан сел жүріп он шақты адамды ағызып кеткен болатын. Алты адам ауруханаға жеткізілді. Жоғалып кеткен оқушы қыз келесі күні табылды.
Қуан Нұрақын