Үндістанда өткен тәулікте 127 мыңнан астам адамнан ковид анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда өткен тәулікте 127 мыңнан астам адамнан ковид анықталды

01.06.2021

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 170 миллионнан асты. Кей елдерде індеттің таралуы бәсеңдеген.

Үндістанда өткен тәулікте 127 мыңнан астам адамнан ковид анықталды. Бұл – сәуірдің 8-нен бері тіркелген ең төменгі көрсеткіш. Есесіне мұнда мукормикоз дерті өршіп тұр. Дәрігерлердің хабарлауынша, бұл індет коронавирусты емдеу кезінде қолданылған препараттардан пайда болған. Дәл осы «қара зең» ауруы Мысырға да жетіп, 7 тұрғынна табылды. Мамандардың болжамына сай, инфекция өкпені желдету аппараты арқылы ағзаға түседі екен.

Ал Түркияда карантин талаптары жеңілдетіліп жатыр. Коменданттық сағат уақыты қысқарып, мейрамханалар мен спорт залдарына кешкі 9-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сонымен қатар, үйлену тойларын ашық ауада да, ғимарат ішінде де өткізуге болады. Алайда жексенбіде қатаң талаптар сақталады.

Малайзияда екінші рет жалпы ұлттық карантин жарияланды. Себебі тәуліктік «ковид» науқастарының саны 8 мыңнан асқан. Екі апта бойы әлеуметтік маңызы бар салалардан басқа қызмет орындары жұмыс істемейді.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу