Ірі микроқаржылық ұйымдар қызметі банкке ауысуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ірі микроқаржылық ұйымдар қызметі банкке ауысуы мүмкін

01.06.2021

Ірі микроқаржылық ұйымдар қызметін банкке ауыстыруы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдері осы арқылы халық тиімді әрі сенімді шарттармен кредит алады деп есептейді. Бұған дейін де Ұлттық банкке тіркелгенімен, микрокредиттік ұйымдардың қызметі қатаң реттелмейтін. Кейбірі тіпті тым жоғары пайызбен несие беріп, өсімпұлдың да мөлшерін көтеріп жіберген. Сонымен бірге банк секторына жаңа ойыншылардың келуі бәсекелестікті арттырады дейді сарапшылар.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу