Қарағандыда кеше аттракционға таласқан ата-аналар жаға жыртысуға дейін барды.
Балалар күнінде қала әкімдігі мен саябақ басшылығы бірігіп, бірнеше аттракционның тегін қызмет көрсетуіне рұқсат беріп, балаларға тарту жасаған. Алайда жиналған жұрттың көптігі сонша - әткеншекке таласқан ата-аналар ақыры төбелесіп тынды. Осыдан кейін санитарлық талаптардың сақталмауына байланысты саябақтағы аттракциондар тегіс жабылды. Шараны дұрыс ұйымдастырмағаны үшін облыс басшысы қала әкімінің екі орынбасары мен мәдениет бөлімінің басшысына сөгіс жариялады. Ал орталық саябақтың басшысы қызметінен босатылды.
Руслан Нұрланұлы