Ақмола облысында жазғы лагерьлердің жұмысына рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жазғы лагерьлердің жұмысына рұқсат берілді

02.06.2021

Шымкент қаласында бүгіннен бастап карантин мерзімі эпидахуал жақсарғанша дейін ұзартылды. Жаңа қаулыға сай 65 жастан асқан азаматтарға көшеде жүруге шектеу қойылды. Сондай-ақ жиын-тойлар өткізуге тыйым салынды. Сонымен қатар, халық көп жүретін уақытта қоғамдық көлік санын ұлғайту тапсырылды

Ақмола облысында жазғы лагерьлердің жұмысына рұқсат берілді. Өңір қызылаймақта болғандықтан, олар тек 30 пайыз жүктемемен жұмыс істейді. Санитарлық талаптар да қатаң сақталуы тиіс. Демалушыларда ПТР тестілеудің нәтижесі болуы міндетті. Лагерь қызметкерлері де тексеруден өтеді. Облыста 20 лагерь бар. Әзірге олардың біреуі ғана облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен рұқсат құжатын алған.

Ақмаржан Сәрсенова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі:
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны алған жазғы демалыс орындары ғана өз жұмысын бастауға міндетті. Олар санитарлық нормалардың бәрін қатаң сақтауы тиіс. Егер де санитарлық талаптар сақталмаған жағдайда, оларға жабылу, жұмысын тоқтату сияқты қатаң шаралар қолданылады. Жергілікті мониторингтік топтардың назарында болады. Олар кез келген уақытта тексере алады.

 Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу