Жұмыс күнін заңсыз ұзартқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мәжіліс бүгін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске осындай өзгеріс енгізіп, құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Заңда кәсіпкерлер құқығын қорғауға қатысты тармақтар да бар. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин заң талабы бизнесті заңсыз қысымнан қорғауды күшейтетінін баса айтты. Мәселен, енді Прокурордың қаулысын орындамаған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады. Оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі 2 айдан 1 жылға ұзартылды. Депутаттар тым қысқа уақытта кейбір кінәлі шенеуніктер жауапқа тартылмайды дейді.
Гүлнар Бижанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл да жазаның бұлтартпастығы қағидатын елеулі түрде жояды. Мұндағы мәселелер, тексеру нәтижелеріне, мемлекеттік қызметкерлердің әрекетіне шағымданудың ұзақ уақытта болуы болып табылады.
Дарын Сағитов