Түркістан облысында тұрғындардың жаппай екпе салдыруының арқасында індет жұқтыру көрсеткіші едәуір төмендеді. Дегенмен вирусты пневмонияға шалдыққандар әлі де көп. Қазір жергілікті халықтың 200 мыңнан астамы екпе алған. Ал, 9-шы маусымға дейін «Спутник V»-дің тағы 130 мың дозасы жеткізіледі деп күтілуде. Аймақтағы 128 егу пунктінде вакцина салып жатыр, 80 көшпелі бригадалары жұмыс істеуде.
Айнұр Ақбаева