Тоқаев Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманды қабылдады

02.06.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманды қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен америкалық корпорация арасындағы ықпалдастықтың перспективалары, көмірсутегі саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы, «жасыл» технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Нил Чапман Exxon Mobil үшін Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықтың маңызды екенін атап өтіп, өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Ал Президент корпорацияның елімізбен серіктeстік орнатқан 28 жыл ішінде ел экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Хабарламаларға жазылу