Шахматтан Гибралтарда өтіп жатқан Гран-при жарысында жеңімпаз атанған Жансая Әбдімәлікті Мемлекет басшысы құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасына жазды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің зор мақтаныш екенін айтып, Жансаяның жетістігі елімізде шахматтың дамуына серпін берері сөзсіз,-деді.
Ал, 21 жастағы шахматшы осы жеңістің арқасында ерлер арасындағы гроссмейстер атағына да қол жеткізді. Осылайша, ол әйелдер мен ерлер арасында халықаралық гроссмейстер атанған Орталық Азияның алғашқы өкілі атанды.
Амангелді Сейітхан