Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орай көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орай көрме өтті

03.06.2021

Жыл сайын 31 мамырда атап өтілетін Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орай көрме өтті. Экспозиция темекі өнімдерінің, соның ішінде жастар арасында танымал әрі қауіпсіз деп танылған өнімдердің зияны жайлы. Көрме Елорданың орталық саябағында маусымның 5-не дейін жалғасады. Кейін еліміздің бірқатар аймақтарында да ұйымдастыру жоспарланған.

Жәмиля Садықова, «Темекі түтінінен бос Қазақстан үшін» ұлттық коалиция төрайымы:   
Бұл көрменің негізгі мақсаты - халыққа шылымның зиянын түсіндіру. Біз Арнайы Алматы қаласынан келіп,үлкен көрме өткізіп жатырмыз. Мұндай шара жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл 24 экспонат алып келдік. Олар шылымның зияны, оны тұтыну қаупі туралы экспозициялар.


Хабарламаларға жазылу