Шымкентте сатылған «VIP» нөмірлердің ақшасы бюджетке түспеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте сатылған «VIP» нөмірлердің ақшасы бюджетке түспеген

03.06.2021

Ал Шымкентте сатылған  «VIP» нөмірлердің ақшасы бюджетке түспеген. Қалалық мемлекеттік кірістер департаменті тексеру кезінде осындай қаржылық бұзушылықтарды анықтап отыр.

Айтуларынша өңірде 148  «VIP» нөмір сатылған. Тиісті құжаттар бар. Бірақ ол үшін мемлекетке төленуі тиіс 44 миллион теңгенің қайда кеткені белгісіз. Қазір құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу