Екі ел парламенті трансшекаралық су мәселелерін шешуге мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі ел парламенті трансшекаралық су мәселелерін шешуге мүдделі

04.06.2021

Иә, трансшекаралық суды тұтынуда көрші елдер арасында күрмеулі мәселе көп. Бұған Қазақстан мен Өзбекстандағы диқандардың базынасы дәлел. Десек те, қос тарап түйткілдің түйінін тарқатуға мүдделі. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Өзбекстан Олий Мәжілісі Заң шығару Палатасының спикері Нурдинжон Исмоилов осы бағытқа кеңінен тоқталды. Яғни, трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару, қолдану әрі сақтау жөнінде келісімге келудің маңызды екені айтылды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Су мәселесі Орталық Азия үшін өзекті. Оның маңызы жылдан-жылға арта беретіні сөзсіз. Сондықтан екі елдің үкіметтеріне су саласын реттеу тұрғысынан қолдау көрсету керек. Қазіргі таңда трансшекаралық су ресурстарын пайдалану бойынша белсенді ынтымақтастық орнады. Су қатынастары саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде Жол картасы іске асырылып жатыр.

Тату елдердің тарихы да ұштасып жатыр. Қазақтың Төле би мен Әйтеке биі, шешен әрі батыр Сырым бабалардың мазары сонда. Киелі Түркістанға да жұрт ағылып келеді. Одан бөлек түркілік таным, шығыстық мәдениет ортақ. Сондықтан туристік әлеуетті көтергеннен екі жақ та ұтады. Мәдени-гуманитарлық байланысты арттыруға Парламент депутаттарының ықпалы зор. Жиында туризмнен бөлек, цифрлық технология салаларында бірлесіп қызмет атқару келісілді.

 Ақшагүл Төлегенова, Өзбекстан Олий мәжілісі заң шығару палатасының депутаты:
Туризмді дамыту Қазақстан, Өзбекстан үшінде пайдалы. Сонымен бірге екі ел арасында достықты нығайтуда туризмнің үлкен рөлі бар. Жол үлкен рөл ойнайды. Новаи жағынан алғанда Қызылордаға Үшқұдық арқылы айналып бару Ташкенттен едәуір жақын.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу