Мамырда баспана бағасы 0,5 пайызға қымбаттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамырда баспана бағасы 0,5 пайызға қымбаттаған

04.06.2021

Мамырда баспана бағасы небары 0,5 пайызға қымбаттаған. Жылжымайтын мүлік саласы сарапшылары шаршы метр құны өткен айлармен салыстырғанда өсуін азайтқан дейді. Мәселен наурызда баға 2,9, сәуірде 1,7 пайызға көтерілген еді. Ал мамырда жарты пайызға өскен. Осылайша нарықтағы баға тұрақталып келеді дейді мамандар.

Қазір қолданыста болған пәтерлердің орташа бағасы шаршы метр үшін қазір 261 мың теңге. Бұл қаңтар, ақпан айларына қарағанда әлдеқайда аз.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу