Елімізде көгілдір отын қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде көгілдір отын қымбаттауы мүмкін

04.06.2021

Елімізде көгілдір отын қымбаттауы мүмкін. Өйткені газды көтерме саудада өткізудің жаңа шекті бағалары бекітілді. Ол 11 пайызға көтеріліп отыр. Энергетика министрлігінің хабарлауынша бұған газ магистральдарының ескіруі себеп. Газ қымбаттамаса, Ұлттық оператордың шығыны артып, құбырларды қалпына келтіру қиындайды дейді. Оның үстіне бұған дейін бекітілген шекті баға газдың өзіндік құнынан төмен. Сарапшылардың айтуынша бұл қымбатшылыққа әкелуі мүмкін. Десе де «ҚазТрансГаз» компаниясы бұған жол бермейміз деп отыр. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу