Covid-19 коронавирусы мен коронавирустық пневмония бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі ақпарына келсек, тестпен расталғандардың саны 1280, 18 адам қайтыс болған, 573 адамның жағдайы ауыр, 130 адамның жағдайы өте ауыр. 77 адам өкпені желдететін аппаратқа қосылған. Вакциналауға келсек, екпенің екі дозасын да 1 179 504 адам салдырған.