Қостанай облысында 2 адамды қасқыр талады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 2 адамды қасқыр талады

07.06.2021

Қостанай облысында ауыл ішіне қасқыр кіріп, екі адамды талаған. Оқыс оқиға Меңдіқара ауданына қарасты Ұзынағаш елді мекенінде болды. Алдымен түз тағысы 19 жастағы жігітке шабуыл жасаған. Одан кейін сиыр саууға шыққан әйелге тап беріпті. Екеуінің де қол-аяғын тістелеп тастаған. Көмекке келген жергілікті тұрғындар қасқырды атып өлтірді. Сол күні ауыл ішінде одан басқа тағы бір түз тағысын көргендер бар.

Тілеуқабыл Дүйсенов, Қарақоға ауылдық округінің әкімі:
Қасқырды атып алдық. Бірақ енді неше қасқыр деп айту қиын. Мүмкін бір қасқыр болуы мүмкін. Тістелінген 50 жасар келіншек пен 19 жасар студент жігіттің жағдайлары жақсы. Ауданға первязка жасатып, апарып, укалдарын алып, үйлерінде бақылауда.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу