Әуежайда абайсызда оқ атқан атыраулық полицей жұмыстан шығарылды. Оның тікелей басшысы да қызметінен босатылды. Оқиға Атырау халықаралық әуежайындағы жолаушылар терминалында болған.
Кезекшілікте тұрған тәртіп сақшысы арнайы бөлмеде инкассация қызметінің қаруын тексеріп тұрып, шүріппені басып жіберген. Оқ әуежай залында тұрған әйелдің аяғына тиеді. Бүгінде зардап шегушінің денсаулығы бірқалыпты. Қазір аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу жүргізілуде.
Марат Әлкенов, ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары:
Оқты атып жбергенде аяғына тиген. Емханаға барып келдім, ол кісінің жағдайы жаман емес. Ақылы палатаға ауыстырдық. Қаражат емін Көліктегі полиция департаменті өз мойнына алып отыр.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ