Тәуелсіздік сарайында балалар мен жастарды дамыту орталығы ашылды. Көркем гимнастика, тестілеу және пара-билер федерациясының хореографиялық орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы, «Алтын домбыра» үйірмесі, симфониялық оркестр мен хор, вокал, кинематографиялық өнер мен теннис, дзюдо секциялары бар. Күн сайын мыңнан аса бала қабілетіне қарай машықтана алады. Жалпы, бұл нысан сенімгерлік басқаруға өткен. Ол Нұр-Сұлтан әкімдігіне қарайды. Мұндағы мақсат – пандемия салдарынан табысынан қағылған коммуналдық мекемелердің қызметін тиімді үйлестіру. Алдағы уақытта Тәуелсіздік сарайында Лейла Махаттың басшылығымен сурет галереясын және Мейрамбек Беспаевтың шығармашылық орталығын ашу жоспарланып отыр.