Ақтөбеде жауыннан ұсақ мал қырылып қала жаздады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жауыннан ұсақ мал қырылып қала жаздады

07.06.2021

Ақтөбеде ауа райының қолайсыздығынан ұсақ мал қырылып қала жаздады. Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округінде ерте қырқылған қой жайлауға шығып кетіп, бұршақ пен нөсер астында қалған.

Мына кадрлардан ұсақ малдың бауырын көтере алмай жатқанын көруге болады. Кейбірі тіпті қимылдай алмай қалған. 15 ешкі мен 35 қой бауыздалып, тұрғындарға таратылып берілді. Дегенмен, ауылға жеткізгенше кейбірі өліп қалған. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайға малдың көтерем болуы да себеп.

Иса Базаров, ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Қатты жел болған, күн суытып кеткен. Жаңбырда қалған .Елу бастай қойы бар, ешкісі бар. Оларды уақытында сойып үлгеріп, етін адамдарға таратқан. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу