Енді эпидахуалға тоқталсақ. Еліміз коронавирус таралуы бойынша «жасыл» аймаққа өтті. Өйткені, қазір қызыл аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы ғана қалды. Ал, 5 облыста жағдай орташа болса, 10 өңір «жасыл» аймақта тұр.
Індетке шалдыққандар саны да азайып келеді. Кеше 989 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 21 адам шалдыққан. Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 21 адам қайтыс болды. Қазір 24 мыңға жуық науқас емделіп жатыр, олардың 600-і ауыр жағдайда. Ал, бүгінге дейін 2 млн 247 мың адам екпе салдырған.
Амангелді Сейітхан