Қазақстандық әйелдер тыйым салынған жұмыстарға шығуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық әйелдер тыйым салынған жұмыстарға шығуы мүмкін

07.06.2021

Ал алдағы уақытта әйелдер үшін жаңа жұмыс орындары артуы мүмкін. Өйткені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нәзік жандыларға істеуге тыйым салынған жұмыстардың тізімін алып тастауды жоспарлап отыр. Қазір елімізде 200-ден астам кәсіп бойынша әйелдерді тартуға шектеу қойылған. Ол ауыр, зиянды және жерасты жұмыстары секілді қауіпті қызметтер. Енді Еңбек кодексіне түзетулер енгізіп, шектеулерді алыс тастау мәселесі қаралып жатыр. Бұл оларға жаңа жұмыс орындарын ашуға және теңсіздікке жол бермеу үшін істелмек дейді мамандар. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу