Семейде екі бала иіс тиіп қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде екі бала иіс тиіп қайтыс болды

02.04.2019

Оқиға кеше қала шетіндегі Холодный ключ ауданында түс кезінде болған. Өрт тұтанған сәтте балалар үйде қараусыз қалған көрінеді. Көршілерінің айтуынша, әкелері басқа қалада жұмыста болса, аналары сол сәтте дәрігердің қабылдауына кеткен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше 4 және 7 жастағы екі жеткіншек түтінге тұншығып кеткен.  Қазір тілсіз жаудың шығу себептері анықталып жатыр. 

Қымбат Көпбаев, Семей қалалық ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы: 

- Өрт кезінде 5 шаршы метрді қамтитын қонақ бөлмеде жиһаз жанған. Өрттің шығу себебі анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау балалардың абайсыздығынан шыққан. Өрт сөндірушілер келген уақытта есік жабық болды. Бір бала жуынатын бөлмеде, ал екіншісі дәретхана бөлмесінде болған.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу