Алматыда «Салтанат» би ансамблі тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 4 премьера ұсынды. Жаңа қойылымдар қазақтың салт-дәстүрін дәріптеуге бағытталған. Сондай-ақ екі сағатқа созылған кеште өзге халықтардың ұлттық билері де сахналанды. Ал көрермен концертке карантин ережелеріне сай «Ashyq» қосымшасы арқылы кірді. Өнер ұжымы елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты 1,5 жыл көрерменмен қауышпаған. Осы уақыт аралығында олар онлайн режимде жұмыс істеген. Енді алда әр ай сайын концерт ұйымдастырып, қалыпты жұмысқа көшеміз дейді.
Гүлсәуле Орынбаева, «Салтанат» би ансамблінің көркемдік жетекшісі:
Көрермен бізді сағынғаны сөзсіз. Алдын ала жоспарланып, билеттер сатылған кездер де болды. Пандемияға байланысты кейінге қалдыруға тура келді. Дегенмен, көптен күткен жоспарымыз бүгін орындалды.
Нұрхан Нұрланұлы