Мемлекет басшысының Жолдаудағы тапсырмалары рет ретімен жүзеге асырылып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға, емделуге немесе басқарушы компаниялардың иелігіне беруді қамтамасыз етуді тапсырған.
Ресми дерек бойынша бүгінге дейін 16 мыңнан астам тұрғын 62 млрд теңгеден асатын ипотекалық несиесін толық өтеген. 47 мыңнан астам адам жинақтағы 144 млрд теңгесімен қарыздарының бір бөлігін жапқан. Ал 9 мыңға жуық қазақстандық қордағы ақшасын баспана алу үшін алғашқы жарна ретінде пайдаланған. Жалпы сомасы 150 млрд теңгеден асады.
Оңғар Алпысбайұлы