Қарағанды облысында балаларға арналған жабық ойын-сауық орталықтары, цирктер мен қонақ үйлер Ashyq жобасын қолданысқа енгізіп жатыр. Десе де карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс. Келушілер саны 30 адамнан аспауы керек. Ғимарат ауданы 3 мың шаршы метрге дейінгі балалар ойын сауық орталықтарында осы тәртіппен 60 адамға дейін жұмыс істеуге рұқсат. Сондай-ақ, сенбі және жексенбі күндері қалааралық, облыс ішілік жолаушылар қозғалысы бірнеше бағыт бойынша қалпына келтіріледі. Жаңа санитарлық қаулы бойынша өзгерістер бүгін түнгі сағат 12-ден бастап күшіне енеді.
Руслан Нұрланұлы