Қара зең ауруы Қазақстанда тіркелмеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қара зең ауруы Қазақстанда тіркелмеді

08.06.2021

Үндістанда тіркелген қара зең ауруы Мысыр мен Ирактан асып Ресейге де жетті. Қатерлі дертке 9 мың адам шалдыққан. Ол мұрын мен таңдайды шірітіп, денені қалтыратады. Қара зең әсіресе иммунитеті төмен адамдар үшін қауіпті. Мысалы қант диабеті, СПИД, онкологиялық аурулары барларға сақтанып жүрген абзал. Антисанитариялық жағдайда тез тарайды. Бәледен аулақ болу үшін біздің мамандар алыс сапарларға шықпай, санитарлық талаптарды қатаң ұстанып жүруге шақырды.

 Ержан Байтанаев, ҚР санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі: 
Бұл ауру бойынша Қазақстанда жоқ, келген де жоқ. Сол себепті бас санитарлық дәрігердің коронавирус инфекциясына қарсы шығарған қаулыларына сәйкес бізде Үндістан мен Мальдив аралдарының әуе қатынасы бойынша не болмаса сол мемлекеттен келген азаматтар 14 күндік карантинде жататын қаулы шыққан.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу