2020 жылғы бюджеттің орындалуы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылғы бюджеттің орындалуы талқыланды

09.06.2021

Қатаң карантиндік шараларға қарамастан былтыр мемлекеттік бюджет кірісі 100,3 пайызға орындалды. Қазақстан Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі кезінде қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осылай деді. Жалпы ішкі өнім 2,6 пайызға төмендеген. Қазір экономиканы қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар жүзеге асырылып жатыр. 

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Қаржы министрінің есебі бойынша, былтыр бюджетке 5,5 трлн теңге салық түскен. Жоспар 22 млрд теңгеге артығымен орындалыпты. Ал бюджеттен қаржыны бөлдіріп алып, игере алмаған министрлер депутаттар тарапынан сынға алынды. Индустрия және инфроқұрылымдық даму, Білім және ғылым тағы да бірнеше министрлікте бірнеше индикатр толық орындалмаған. Әсіресе пандемияны сылтауратып, сырттан қарыз алып, ұлттық қорға қол сұққысы келетіндер көбейді дейді депутаттар.

Сондай-ақ былтыр пандемияның ушыққан тұсында денсаулық саласына қаржы әдеттегіден едәуір көп бөлінді. Қазір құқық қорғау органдары құжаттарды тексеруге алған. Процессуалдық іс-қимылдар аяқталғаннан кейін біз тиімділік аудитін жүргіземіз деді есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова.


Хабарламаларға жазылу