БҰҰ сотының үкімі: Младич өмірінің соңына дейін түрмеде отырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ сотының үкімі: Младич өмірінің соңына дейін түрмеде отырады

09.06.2021

Біріккен Ұлттар Ұйымының соты босниялық сербтер армиясының бұрынғы қолбасшысы Ратко Младичтің аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады. Сондықтан 78 жастағы экс-генерал қалған өмірін түрмеде өткізеді.

Младич 1992-95 жылдары Босния соғысында серб күштеріне жетекшілік етті. Ал 2017 жылы ол геноцид ұйымдастырды, адамзатқа қарсы қылмыс жасады, 43 ай бойы қоршаудағы Сараево халқына қоқан-лоққы көрсетті, Сребреницада 8 мыңнан астам мұсылманды қырғынға ұшыратты деген айыппен сотталды. Бірақ өмір бақи түрме жазасымен келіспеген Младич бұл үкімге қарсы арыз жазды.

Айта кетсек, Бұрынғы Югославия бойынша Гаага халықаралық трибуналы соңғы 25 жылда 90 адамды соттады. Солардың бірі – Младичты қазір Нидерландыдан өзге елдің түрмесіне ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Арыстан Рысбек



Хабарламаларға жазылу