Павлодар облысында браконьерлікпен айналысқан қорықшылар қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында браконьерлікпен айналысқан қорықшылар қолға түсті

09.06.2021

Павлодар облысында қорықшылар өзен, көл, тоғандарда уылдырық шашатын балықтарды аулап жатқан жерінен қолға түсті. Балықшылардан қорғаудың орнына өздері браконерьлікпен айналысқандар іс жүзінде мүлде міндеттерін атқармаған. Кейбірі басқа жұмысқа орналасып алған. Табиғатты қорғау прокуратурасы 23 адамның екі жерден жалақы алып отырғанын анықтады. Бұндай заңсыздыққа жол берген 6 кәсіпкерге 33 көлдің жалған берілгендігі де әшкере болды.

Ерлан Салханов, облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры:
Егерлік қызмет қағаз жүзінде ғана көрсетілген. Ал, қызметтік міндеттерін атқармаған. Керісінше, уылдырық шашатын маусымда тиым салынғанына қарамастан өздері қорғауға тиіс көлдер мен тоғандарда балық аулаған 32 егердің 8-і әкімшілік жауапқа тартылды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу