Әлем нарығында мұнай бағасы 70 доллардан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем нарығында мұнай бағасы 70 доллардан асты

09.06.2021

Әлемде Brent маркалы мұнай бағасы екі сауда сессиясы бойы көтеріліп келеді. Соңғы мәліметке қарағанда, оның бір баррелінің құны 0,4 пайызға өсіп, 72 доллар 54 центке жеткен. Бұл - мамырдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Америкалық сұрыптың да нарқы жоғарылады. Ол 0,4 пайызға қымбаттап, 70 доллар 36 центке сатылды.

Бұл өсімге Батыс мемлекеттері экономикаларында отынға сұраныстың артуы және Иран санкциядан босатылмайтындықтан, әзірше халықаралық нарыққа мұнайды бұрынғыдай шығара алмайды деген болжам себепші.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу