Ресейлік журналист Қазақстан Президенті туралы авторлық хабар шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік журналист Қазақстан Президенті туралы авторлық хабар шығарды

09.06.2021

Белгілі ресейлік журналист, халықаралық шолушы, тарихшы Леонид Млечин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент болып сайланғанына екі жыл толуына орай авторлық хабар шығарды. Ол бағдарламаны YouTube арнасында жариялады. «Казахстан между Россией и Китаем. 2 года Президента Токаева» деп аталатын деректі жобада Қазақстан басшысының саяси бағыт-бағдары жөнінде айтқан. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалар туралы әңгімелейді.

Леонид Млечин, ресейлік журналист, халықаралық шолушы, тарихшы: 
Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде бірнеше реформаларды жүзеге асырды. Соның бірі, «Еститін мемлекет» концепциясы сәтті қадам. Одан бөлек, саяси оппозиция ұғымы заңдастырылды. Бизнеске еркіндік артты. Көршілермен де қарым-қатынасты нығайтып, өзін мықты саясаткер ретінде көрсетті. Қазір Қазақстан тарихына қайта үңіліп, деректерді қайта қарау жүріп жатыр. Өткенді тану, саяси репрессия құрбандарын зерттеу туралы комиссия құрылды.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу